Облыстың бәсекеге қабілетті басымдықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын көтеруге мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуі.
2025 жылға облыс өнеркәсібі жаңа импорт алмастырушы жобаларды іске асыру есебінен әртараптандырылады. 2021-2025 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің өсуі 102,1% деңгейінде болжануда.
Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі өндірістерді 30%-ға жаңарту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебінен көтерілетін болады. 2021-2025 жылдар ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндірісін ұлғайту үшін 10,1 мың бас ІҚМ арналған 7 мал бордақылау алаңы, 11,9 мың басқа арналған 15 сүт-тауар фермасы және 1 жаңа құс фабрикасы салынады.
Аймақтағы тұрғын үй құрылысы 2021 жылға қарай 51,8%-ға әрі дамытылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу, ауылдық елді мекендерде бөлек жинау үшін контейнерлер орнату, электр сүзгілерін ауыстыру және облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының күл ұстайтын қондырғыларын жөндеу есебінен халықтың экологиялық өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейі 17,5% - ға жақсарады.