2021 жылы қаланың жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 41888 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде 87, мемлекеттік қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталының www.egov.kz, www.elicense.kz. қоспағанда) электрондық түрде - 20672, Мемлекттік корпорация арқылы-11822, «Электронды үкімет» порталы арқылы -9033 қызмет көрсетілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына қатысты 8 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 577 бұзушылық анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 34 ұсыным әзірленді, олар қазіргі таңда орындалған.
Есепті кезеңде қала әкімінің аппаратына өтініш берушілер Т.Г. Бочкарева мен А. Н. Турлыбековтен (өкілі А. А. Хамит) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тартуға қатысты 2 өтініш келіп түсті.
Өтінішті қарау барысында жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жауапты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Шағымдарды тудыратын себептерді жою үшін жер қатынастары саласындағы дәлелді бас тартуларға талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау жөнінде ұсынымдар берілді.
Есепті кезеңде Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» РММ) арқылы келіп түскен «Жер учаскесінің жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша 1 бұзушылық анықталды. Жол берген бұзушылықтар үшін жер қатынастары бөлімінің қызметкері қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталын танымал ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жүйелі негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.