Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың есеп беру тезистері

Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспары

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Екібастұз қаласын әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2021-2025  жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді, ол негізгі 5 бағытты қамтиды және инвестициялық жобаларды іске асыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және экология мәселелерін көздейтін 114 іс-шарадан тұрады.

Іс – шараларды орындау 932,8 млрд.теңгеге, жергілікті және республикалық бюджеттер 98,2 млрд. теңгеге бағаланады. Жеке инвестиция үлесі – 89,5%.

2025 жылға қарай Кешенді жоспардың орындалуы:

- 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру;

- өнеркәсіптік өнім көлемін 1,2 есеге ұлғайту;

- жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері үлесінің 90,0%-ға дейін өсуі (10,0 мың бірлікке дейін);

- ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндіруді 5%-ға, мал басының 16%-ға өсуін;

- сумен жабдықтау желілерінің тозуын 54,2%-ға дейін, су бұруды 64,0%-ға дейін, жылумен жабдықтауды 81,7%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.

 

Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың есеп беру тезистері
Дата публикации
09 февраля 2022