Бәйет ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында бүгінгі есеп беру кездесуіне жиналып отырмыз.

«Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 1994 жылғы 14 сәуірдегі № 64 қаулысының негізінде құрылған.

Мемлекеттік мекеменің құрылымына сәйкес штат саны 4 бірлікті құрайды: әкім – 1 бірлік, бас мамандар – 3 бірлік.

Бәйет ауылдық округінің аумағы 160,92 шаршы шақырым. Оның ішінде ауылдық округі әкіміне қарасты 85,3 шаршы шақырым жер.  Бәйет ауылдық округінің құрамына Бәйет және Атығай ауылдары кіреді.

Ауыл тұрғындарының саны 1292 адамды құрайды. Жұмысқа қабілетті адамдар саны 638, мектеп жасына дейінгі балалар саны 128, мектеп оқушыларының саны 285, зейнеткерлер саны 108, I, II, III топтағы мүгедек  жандар саны 33 құрайды. Округ бойынша аула саны – 258, оның ішінде Бәйет ауылында 166 отбасы, Атығайда 122 отбасы бар. Мүмкіншілігі шектеулі 2 балаға әлеуметтік қызметкер үйде қызмет көрсетеді.

Бәйет ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері
Дата публикации
06 января 2022