Теміржол ауылдық округінде төрт елді мекен орналасқан – Құлакөл ауылы, Құдайкөл ауылы, Қарасор ауылы және №3 бөлімше. Халықтын жалпы саны 1217адам. 2021 жылы округ бойынша 8 бала туды,мүгедектердің саны – 33 адам, зейнеткерлердің жалпы саны – 97 адам, еңбекке жарамдысы – 608 адам. Аула саны – 346.
Атаулы әлеуметтік көмекті алған отбасылардың саны -2.
Жылыту маусымында әлеуметтік объектілер 1447 тонна көмірмен қамтамасыздандырылды. Округтегі халықтың әлеуметтік осал топтарына «Богатырь» ЖШС -нен 350 тонна көмір бөлінді.
Округ аумағында «Қазпоштаның» екі бөлімшесі қызмет етеді, олар зейнетақы, жәрдемақылар берумен және мерзімді басылымдарды жеткізумен айналысады.
Халықты жұмыспен қамту
2021 жылдақоғамдық жұмыстарға 8 адам тіркеліп ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Бастау-бизнес» кәсіпкерлік курсынан өткен 3 адам сертификат алды.