Әкімшілік-аумақтық бірлік: Сарықамыс ауылдық округінің құрамына: Сарықамыс және Қуандық ауылдары кіреді. Округтің жалпы жер көлемі 45,10 шаршы шақырым. Тұрғындар саны 450 адам құрап отыр. Барлығы 96 аула, оның ішінде: Сарықамыста 78 аула, 357 адам, Қуандықта 18 аула, 93 адам тұрады.
Бюджеттің орындалуы: Соңғы нақтыланған 2021 жылғы бюджет қаражатының жалпы сомасы – 35 259 мың теңге, оның ішінде:
-«Салықтық түсімдер» - 800 мың теңге;
-«Бюджет қаражатының қалдықтары» - 224 мың теңге;
-«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 26 132 мың теңге;
- «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 1 547 мың теңге;
- «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - 1 159 мың теңге;
- «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру»- 4 800 мың теңге;
- «Елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 936 мың теңге;
көлемінде бекітілген қаржылар тиісті мақсаттарына сай, уақытында игерілді.