Әкімшілік - аумақтық бірлік - Шиқылдақ ауылы Екібастұз қаласы ауылдық аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 203,02 гектарды құрайды. Ауылдық округ халқының саны 505 адам, соның ішінде экономикалық белсенді халық-290, зейнеткерлер-44, мектеп оқушылары-75, студенттер – 29, мектеп жасына дейінгі балалар - 65, мүгедектер-15.
Бюджет.
2021 жылғы "Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты" ММ бюджеті 40 321,0 мың теңгені құрады.
123001000 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша шығындар 37 154,0 мың теңге. 100%-ға орындалды.
2020 жылдың басында және соңындағы бекітілген штат кестесі бойынша, мемлекеттік қызметшілердің саны 4 бірлік және штаттан тыс жұмыскерлер саны 12 бірлік.
123008015 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша, жоспардағы 1817,0 мың теңге, 100%-ға орындалды.
123009015 "Елді мекендерді санитарлық жағдайын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша есепті кезеңге нақтыланған жоспар бойынша 555,0 мың теңге, 100 % - ға орындалды.
123011015 "елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша шығындар 316,0 мың теңге сомасында орындалды, бұл 100% құрайды.
Есепті кезеңде Шиқылдақ ауылы бойынша салық жинаудан ақша қаражатының түсімі 658,6 мың теңгені құрады.