Әкімшілік-аумақтық бірлік-Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында 2 елді мекен орналасқан, онда 503 адам тұрады, Төрт – Құдық ауылында –241, Бозшакөл ауылында-262; оның ішінде мүгедектер-22 адам, еңбекке қабілетті халық-261 адам, зейнеткерлер-88 адам.
Бюджет. 2021 жылға бөлінген қаражат – 100% игерілді.
2021 жылға арналған Төрт-Құдық ауылдық округінің бюджеті 30 497 мың теңгені құрады.
Салықтық түсімдер-4975,0 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттер-25 024,0 мың теңге.
Субвенциялар-25 024,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат келесі бағдарламаларға бағытталды:
001 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" - 2637,0 мың теңге;
003 "Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету" - 230,0 мың теңге;
013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" - кентішілік жолдарға қызмет көрсетуге 1 530,0 мың теңге;
008 "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" - 1 344,0 мың теңге;
011 "Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру" - 591,0 мың теңге;
014 "Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру" - 2 969.0 мың теңге.