Әкімшілік-аумақтық бірлік. Солнечный кенті Павлодар қаласынан 165 км.батыста және Екібастұз қаласынан 42 км. солтүстікте орналасқан. Кенттің жалпы ауданы 11 681 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 743 га, елді мекеннің жерлері - 4 841 га, өнеркәсіп жерлері - 6 097 га. Көп қабатты тұрғын үйлер - 29, коттедж түріндегі үйлер - 36.
2022 ж. 01.01. жағдай бойынша халық саны - 6 401 адам, мүгедектер - 158 адам, еңбекке жарамды халық - 4 015 адам, зейнеткерлер - 732 адам.
Бюджет. Кент бюджетінің кірісі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексіне (оған енгізілген өзгерістермен) сәйкес қалыптастырылады.
Солнечный кентінің 2021 жылға бекітілген бюджет сомасы 81 828,0 мың теңгені құрады, нақтылауда 111 879,0 мың теңгені құрады:
- субвенциялар - 72 150,0 мың теңге;
- ағымдағы нысаналы трансферттер - 27 607,0 мың теңге;
- меншікті кірістер - 12 122,0 мың теңге, соның ішінде:
- салықтық түсімдер - 11 363,0 мың теңге және салықтық емес түсімдер 759,0 мың теңге.