Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімі Ж. Жанымханның халық алдындағы есептік кездесуінің тезистері

Әлеуметтік сала

Ауыл тұрғындарының саны-503 адамды құрады, оның ішінде балалар (0 – ден 16 жасқа дейін) – 152, зейнеткерлер - 52, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар-25, тіркелген жұмыссыздар-2, аула саны-132.

10 көпбалалы отбасы, АӘК алушылар жоқ.

Есепті кезеңде ауыл бойынша 25 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 15 тұрақты, 10 уақытша.

36 – ауыл тұрғынына Богатырь Комир ЖШС 175 тонна тегін көмір бөлініп демеушілердің көмегімен ауылға жеткізіліп таратылды.

Ауыл бойынша диспансерлік есепте 25 адам тұр, мүгедектер – 17 адам, 50 адам (оның ішінде 25 бала 0-ден 5-ке дейін) тегін дәрі-дәрмек алады. Есепті кезеңде медицина қызметкерлеріне 1600 қызмет көрсетілді, оның ішінде 1300 жеке қабылдауда, үйде -300 қызмет.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 287 адам немесе 96% алды, скринингтік тексерулермен 70 адам немесе 100% қамтылды. Ауыл тұрғындары міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне белсенді қатысады.

Су құбырын қайта жаңарту жұмыстары басталды, 161 абонент орталық сумен жабдықтауға қосылды. Қайта жаңартуды аяқтау мерзімі 2022 жыл. Есепті кезеңде 105,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімі Ж. Жанымханның халық алдындағы есептік кездесуінің тезистері
Дата публикации
06 января 2022