Қоянды ауылдық округі әкімінің халық алдыңда есебі туралы ТЕЗИСІ

Қоянды ауылдық округінің  құрамына Бесқауға, Қоянды, Құрылысшы, Теміртас ауылдары кіреді. Ауылдық округтің барлық  аумағы 237,84 шаршы шақырымды құрайды. Халықтың жалпы саны -  1205 адам, аула саны – 260, зейнеткерлер саны – 106, мүгедектер саны – 27, жұмысқа қабілетті – 683 адам.

         2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекті бір отбасыға тағайындалды, кепілді әлеуметтік пакет берілді, қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ.

         Ауылдық округ бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар мен мүгедектер 5 тоннадан 72 отбасы «Богатырь Комир» ЖШС-нен қайырымдылық көмірін алды.

         Есептік кезеңде 25 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде тұрақты 6, уақытша 19 орын.

         Ауылдық округ бойынша медициналық пунктінде диспансерлік тізімде тұрған - 81 адам, қазіргі таңда диспансерлік тізімде тұрған азаматтарға тегін дәрілермен қамтылған. Округ бойынша – 12 бала дүниеге келді. Округ бойынша барлығы COVID-19 екпесіне 505 адам жарамды, оның ішінде 446 адам екпенің 2 компонентін алды, ол 88% құрады, скринингтік тексеруден 211 адам өтті, бұл 100 % құрады. Ауылдық округ тұрғындары міндетті медициналық сақтандыруға белсенді қатысады.

Қоянды ауылдық округі әкімінің халық алдыңда есебі туралы ТЕЗИСІ
Дата публикации
06 января 2022