Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың толық жойылуына байланысты, ШЕШТІМ:
- Екібастұз қаласы әкімінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24208 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.