Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 – бабының 3-1 – тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:   

  1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Дата публикации
29 июля 2021