Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы «Екібастұз қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 385/49 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6598 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.