Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының  2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 4 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Екібастұз қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Ахметов тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Дата публикации
01 сентября 2021