2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалган аудандык маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдсрін сайлауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өтелетін аудандық маңызы бар қалалардыц ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шыгыстар мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасыныь 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына. 33-бабының 2-1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес Павлодар облыстық аумақтык сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдык округтердің әкімдігіне кандидаттың мынадай шығыстар мөлшері белгіленсін:

1) теледидар, радио арқылы бағдарламамен сөз сөйлеу жэне мерзімді баспа басылымдарында 0,1 баспа парақтан аспайтын 2 мақала жариялау -110 000 (бір жүз он мың) теңге сомасында;

2) сайлау алдындағы жария іс - шараларды өткізу жэне үгіт материалдарын шығару-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) көлік шығыстары-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

4) сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында.

2. Осы қаулы Павлодар облысының қалалық жэне аудандық аумақтық комиссияларына жіберілсін.

3. Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.

 

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалган аудандык маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдсрін сайлауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өтелетін аудандық маңызы бар қалалардыц ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шыгыстар мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
14 июля 2021