Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Теміржол, Сарықамыс ауылдық округтеріне, Шиқылдақ ауылына әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілде  сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

Екібастұз қаласы бойынша 5 сайлау округінде барлығы 17 кандидат ұсынылды, оның ішінде 5 (25%) - саяси партиялармен, 12 (75%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.

Саяси партиялар 4 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 4 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

1 кандидат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес біліктілік талаптары сәйкес келмеді.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 16 кандидат тіркелді (100%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

 

Екібастұз қаласы Ақкөл, Байет, Теміржол, Сарықамыс ауылдық округтеріне, Шиқылдақ ауылына әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
10 июля 2021