Шығып кеткендердің орнына Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін босату және тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 27.07.1979 жылы туған, қазақ, білімі – орта арнаіы, Зеленая Роща

ауылында тұратын «Атамұра» шаруа қожалығының бастығы Сунгат Кабдысамитович Заирбаевты, шығып қалған Б.О.Сарсекееваның орнына №549 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

2. 01.01.1978 жылы туған, қазақ, білімі-жоғары, Атығай ауылы ауылдық клубының әдіскері Жомарт Кабдыкаримович Кабыкеновті, шығып қалған Л.М.Алпысбаеваның орнына №549 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

3. 01.01.1978 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, «Павлодар облысы департаменті Екібастұз қаласының Комсомол орта білім беру мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айнур Айгалиевна Сембаеваны, шығып қалған Д.С.Есенованың орнына №552 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

4. 03.01.1955 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары, зейнеткер Мурат Баттал, шығып қалған Б.Б.Коробаеваның орнына №557 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

5. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының жаңадан тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі Екібастұз қалалық мәслихаты комиссиялардың жаңа мүшелерін сайлағанға дейін есептелсін.

6. Осы қаулы Екібастұз қалалық мәслихатына, тиісті учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

Төраға С. Тулеубаев

Хатшы А. Рахимжанова

Об освобождении и назначении членов участковых избирательных комиссий г. Экибастуза вместо выбывших
Дата публикации
01 июля 2021