2021 жылдың 04 шілдеде Кабылтаев Ерлан Жанбыртаевич Ақкөл ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды және Айдарханова Жумагуль Аманжоловна, Мусабеков Нурболат Маканович Теміржол ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.