Екібастұз өңірінің ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің 2021 жылғы есептік кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

№

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Орындау мерзімі  орындауға жауапты

Орындау барысы

Ескертулер

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылауда, бақылаудан алынды)

1.      

Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылына кіреберіс жолды бейіндеу

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Хакимов

Қоянды ауылдық округінің әкімі

ЖСҚ әзірленген. ТҮКШ, ЖК және АЖ, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне беріледі.

Бақылауда

2.      

Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылындағы көше жарығының шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру

 2021 жылғы маусым

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Е.Е.Касеналин

Теміржол ауылдық округінің әкімі

Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылындағы көше жарығының шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Бақылаудан алынды

3.      

Төртқұдық ауылдық округі Бозшакөл ауылының қазандықтарына түтін құбырын сатып алу

 

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Калиякбаров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а.

Қазіргі уақытта Бозшакөл ауылының қазандығында түтін мұршасын сатып алу және орнату бойынша жұмыстарды 2021 жылғы 15 мамырдағы шарттық міндеттемелерге сәйкес «Белялов» ЖК мердігерлік ұйымы орындады.

 

 Бақылаудан алдынды

4.      

Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылында ұялы байланыс тірегін орнату

 

 

 2021 жылғы маусым

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

М.К.Сейсембаев

Сарықамыс ауылдық округінің әкімі

2020 жылдың шілде айында Сарықамыс ауылы әкімінің өкімімен «Кар-Тел» ЖШС Сарықамыс ауылында 25 км радиусты қамтитын ұялы байланыс діңгегін орнату үшін жер телімі бөлінді. Қуандық ауылы Сарықамыс ауылынан     5 км жерде орналасқан, яғни осы радиус қамтылатын болады. Ағымды жылдың 20 сәуірінен бастап «Аврора-Сервис» ЖШС ұялы байланыс діңгегінің құрылысын бастады, 2021 жылғы маусымның соңына дейін аяқтау жоспарда.

 Бақылауда

5.      

Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылына бұрылыста жарық шағылыстырғыш белгілер орнату

 

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Хакимов

Қоянды ауылдық округінің әкімі

Қоянды ауылының кіре беріс жолындағы бұрылыста ескерту, жарық шағылыстырғыш белгілер мен Т-тәрізді, қиылыста бағыттауыш белгі орнатылды.

 Бақылаудан алдынды

Екібастұз өңірінің ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің 2021 жылғы есептік кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
01 июля 2021