|
№ |
Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны |
Орындау мерзімі орындауға жауапты |
Орындау барысы |
Ескертулер (бақылау мерзімі ұзартылды, бақылауда, бақылаудан алынды) |
|
1. |
Бәйет ауылдық округінің Бәйет ауылына қосымша жарықтандыру орнату
|
2021 жылғы мамыр Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Д.Амантай Байет ауылдық округінің әкімі |
Бәйет ауылдық округінің Бәйет ауылына қосымша 17 жарықтандыру шамдары 1,182 млн. теңгеге орнатылды. |
Бақылаудан алдынды |
|
2. |
Шідерті кентіндегі (Қабанбай батыр, Исатай және Гаражная 10 көшелері) жылу желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеу |
2021 жылдың 4 - тоқсаны Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Г.И.Оспанов «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы |
Құрылыс бөлімімен «Шідерті кентінде (Сельская, Естая, Гаражная көш., 10) жылу желілерінің құрылысы» жобасы әзірленді. Жобалау ұйымы – «Innovation Center Project» ЖШС. Сараптама қорытындысы 2021 жылдың 17 мамырынан № Expo-0007/21. Құрылыс құны 319,116 млн. теңге. Жұмыстың ұзақтығы - 9 ай. Жалпы ұзындығы 2456 м. (Естай көшесі 1060 м., Гаражная көшесі 210 м., Сельская көшесі 1186 м). Бюджет қаражатын бөлу үшін энергетиетер басқармасына бюджеттік өтінім жіберілетін болады. |
Бақылауда |
|
3. |
Екібастұз ауылдық округінің Тай ауылында футбол алаңын салу |
2021 жылдың 3 - тоқсаны Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Ж.К.Ибраев Екібастұз ауылдық округінің әкімі |
11,095 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша жеткізуші «Statesman» ЖК. Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде «Statesman» ЖК-мен 6,7 млн теңгеге шарт жасалды. Алайда, ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап «Statesman» ЖК жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу қайта өткізілді. «Qaz Sport Market» ЖШС-мен шарт жасалды (жетекшісі - Н.К. Аширбаева). |
Бақылауда |
|
4. |
Шідерті кентінің Даңқ обелискін және саябағын абаттандыру
|
2021 жылғы қараша Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
М.С.Какожанов Шідерті кентінің әкімі |
Жалпы сомасы 16 976,0 мың теңгеге ЖСҚ түзетілді. Бюджеттік өтінім берілді, бюджетті алдағы нақтылау кезінде қарау үшін тізілімге енгізілді. |
Бақылауда |
|
5. |
Армангуль Шериязданды Бәйет ауылдық округінің Бәйет ауылына жұмысқа орналастыру
|
2021 жылғы сәуір М.Д.Маликова Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Д.М.Баграмова «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы |
Шерияздан Армангүл, 1989 жылы туған, Екібастұз қаласы, Байет ауылы, Естай көшесі, 5-1 мекенжайында тұрады, жұмыссыз. Өтініш беруші 2021 жылдың 12 ақпанынан бастап «Екібастұз қаласы Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де маманның көмекшісі ретінде қоғамдық жұмысқа орналасты. |
Бақылаудан алдынды |
|
6. |
Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында интернет жылдамдығын күшейту
|
2021 жылғы 1-тоқсан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
А.С.Хакимов Қоянды ауылдық округінің әкімі |
Бүгінгі таңда Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында 3G мобильді интернетке шығатын Билайн ұялы байланысы орнатылды, Тапсырыс беруші - «Картель» ЖШС, мердігер - «7sk» ЖШС. |
Бақылаудан алдынды |
|
7. |
Шідерті кентінің коммуналдық меншіктегі пәтерлерін жөндеу
|
2021 жылғы Қазан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
А.С.Калиякбаров «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а. |
Шідерті кентіндегі мемлекеттік пәтерлерді ағымды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуға конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша «Винтрейд» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Шідерті кентіндегі пәтерлерді ағымды жөндеу жұмыстары басталды (демонтаждау жұмыстары, қоқыс шығару және терезе жақтауларын орнату, электромантаждау жұмыстары), шарттық міндеттемелерге сәйкес 2021 жылғы 01 тамызға дейін жұмыстар аяқталады. |
Бақылауда |
|
8. |
Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылы Естай көшесі 12 «Б» мекенжайындағы 2 пәтерлі жалға берілетін үйдің еден жабынын ауыстыру
|
2021 жылғы 3-тоқсан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Ж.К.Ибраев Екібастұз ауылдық округінің әкімі |
Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылы Естай көшесі 12 «Б» мекенжайындағы 2 пәтерлі жалға берілетін үйдің еден жабынын ауыстыру жұмыстары өткізілді. |
Бақылаудан алынды |
|
9. |
Энергетиктер көшесі, 66, 68, 70-үй жертөлелерінің кәрізін қайта қосу |
2021 жылғы 1-тоқсан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
Г.И.Оспанов «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы
А.Т.Маутанов «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы |
Энергетиктер көшесі 66, 68, 70 бойынша бес қабатты үш үйдің қолданыстағы желілерінен Қ. Сәтбаев көшесі бойынша магистральды кәріз коллекторына дейін кәріз құрылысын салу жұмыстары орындалды. Ағымдағы күнге аталған үйлердің кәріз желілері магистральдық кәріз коллекторына қосылды. |
Бақылаудан алынды |
|
10. |
«Лесхоз» ауданында маршруттық автобусты іске қосу |
2021 жылғы 4-тоқсан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
А.С.Калиякбаров «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а. |
«Лесхоз» ауданына маршруттық автобус іске қосылды. |
Бақылаудан алынды |
|
11. |
Солнечный кентіндегі коммуналдық меншіктегі бос пәтерлерді қалпына келтіру |
2021 жылғы 4-тоқсан Б.К.Ахметов Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
А.С.Калиякбаров «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а. |
Солнечный кентіндегі мемлекеттік пәтерлерді ағымды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтті. Конкурс қорытындысы бойынша «Винтрейд» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Солнечный кентіндегі пәтерлерді ағымды жөндеу жұмыстары басталды (демонтаждау жұмыстары, қоқыс шығару және терезе жақтауларын орнату, электромантаждау жұмыстары) шарттық міндеттемелерге сәйкес 2021 жылғы 01 тамызға дейін жұмыстар аяқталады. |
Бақылауда |
|
12. |
Солнечный кентінде балалар ойын алаңқайын орнату |
2021 жылғы қыркүйек М.Н. Шолақов Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы
Н.М.Сейлханов Солнечный кентінің әкімі |
Ағымдағы жылдың 17 мамырында мемлекеттік сатып алу порталында 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 7513,7 мың теңге сомасына «Балаларға арналған ойын кешендерін орнату» баға ұсыныстарын сұратумен хабарландыру жарияланды. 2021 жылдың 2 маусымында жеңімпаз «МИРАБДУЛЛАЕВ И.У.» 4700,0 мың теңгені құраған келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылдың 10 маусымында өнім берушіден тараптардың өзара келісімі бойынша шартты бұзу өтініші туралы хат қабылданды, оның себебі 3 дана ойын кешендерін сатып алу және орнату мүмкін еместігі болды. 2021 жылдың шілдесінде 3 дана көлемінде балалар ойын кешендерін орнатуға хабарландыру қайтадан жасалады. |
Бақылауда |