«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) басшысының 2020-2021 жылдарға «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 10 бұйрығы негізінде 2021 жылғы 14-20 сәуір аралығында аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.      

Ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды: М.Н. Шулаков - Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы, Б.Д. Смакова - мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы, К.Ж. Рахимбеков - мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, М.Ж. Наушева - қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Б.С. Айткешова - персоналды басқару қызметінің басшысы, Р.З. Оспанова - құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Т.Т. Даирова - Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы,                  Т.Ж. Наушев - қала әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс көмекшісі, М.Н. Мирзабаев - Екібастұз қаласы Достық үйі Жастар кеңесінің «Жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Талданатын кезең: 2020 жыл, 2021 жылдың 1-тоқсаны.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.   

1. Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру тәртібі айқындалған.

Бұл процедураның кезеңдерінің бірі - жер телімін алдын-ала таңдау. Аталған баптың нормаларына сәйкес жер телімін таңдау актісінде қолданыстағы инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда инженерлік коммуникацияларды берілетін жер телімінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.

Сондай-ақ, осы бапта табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады деп айқындалған.

Сонымен бірге, Жер кодексінің 48-бабында мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер телімдерін немесе жер телімдерін жалдау құқығын беру, белгілі бір жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады деп айқындалған.

Осы баптың 3-тармағында сатуға арналған жер телімі: жер телімінің шекаралары айқындалғаннан; жер телімінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны айқындалғаннан; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылатыны белгіленген.

Осылайша, мемлекеттік меншіктегі және сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген жер телімдерін немесе жер телімдерін жалдау құқығын берген жағдайда таңдау актісін ұсыну көзделмеген.

Бұл ретте, осы мәселе іс жүзінде жұмыс тәртібімен шешілуі тиіс. Яғни, уәкілетті орган қажетті мәліметтерді алу үшін табиғи монополиялар субъектілеріне өзі жүгінуі тиіс.

Сонымен бірге, тәуекел аталған жағдайда қолданыстағы заңнамада табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды дайындау және ұсыну мерзімдері айқындалмауынан тұрады.

Осылайша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзіміне байланысты тәуекелдер туындайды. тәуекелдердің осы түрін шешу үшін Жер кодексінің 48-бабында осы рәсімді регламенттеу қажет.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (ҚР ӘРПК) қолданысқа енгізуді ескере отырып, аталған тәуекел мемлекеттік органдарда да бірқатар мәселелерді тудыратынын айтып өту қажет. Көрсетілген Кодексте қараудың оңтайлы мерзімдері және т. б. сияқты жаңа ұғымдар қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Кодексте Әкімшілік рәсімдер үшін мерзімдер нақты айқындалған, ал барлық сәйкессіздіктер кодекстің «Әкімшілік сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану» 2-бабында регламенттелген, онда осы Кодекстің нормалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда ҚР Әкімшілік кодексінің ережелері қолданылады деп көзделген.

Ұсыным:

- Табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындау және ұсыну мерзімдерін нақтылау бөлігінде ҚР Жер кодексінің 48-бабын реттеу бойынша уәкілетті органдарға ұсыныс жолдау.

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
29 июня 2021