Павлодар облысы Екібастұз қаласының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы, Ақкөл, Байет, Теміржол, Сарықамыс ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау. (бұдан әрі - әкімдердің)

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы,
2021 ж. 25 маусым

(113-1-б. 2, 3-т.)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы,
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-
2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

(22-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы,
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-
2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

Павлодар облысы Екібастұз қаласының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
25 июня 2021