Екібастұз қаласының ауылы мен ауылдық округтерінің сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласында 2021 жылдың 25 шілдесіне:

- Шиқылдақ ауылы әкімінің;

- Ақкөл ауылдық округі әкімінің;

- Байет ауылдық округі әкімінің;

- Теміржол ауылдық округі әкімінің;

- Сарықамыс ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Екібастұз қаласының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы Екібастұз қаласы әкімі аппаратының сайтындағы Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Отарқа», «Голос Экибастуза» қалалық газеттерінде жариялансын.

Дата публикации
25 июня 2021