Екібастұз қаласы ауылы, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласының ауылы, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

1) Шиқылдақ ауылының әкімін – Шиқылдақ ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында Шиқылдақ сайлау округі;

2) Ақкөл ауылдық округінің әкімін – Ақкөл ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында Ақкөл сайлау округі;

3) Байет ауылдық округінің әкімін - Байет ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында Байет сайлау округі;

4) Теміржол ауылдық округінің әкімін – Теміржол ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында Теміржол сайлау округі;

5) Сарықамыс ауылдық округінің әкімін - Сарықамыс ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында Сарықамыс сайлау округі.

2. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының сайтындағы Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Отарқа», «Голос Экибастуза» қалалық газеттерінде жариялансын.

Екібастұз қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы С. Тулеубаев

 

Екібастұз қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы А. Рахимжанова

Дата публикации
25 июня 2021