Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 07 ақпандағы «Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23–бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 07 ақпандағы «Екібастұз қаласының сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
02 июня 2021