Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» № 1115/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» № 1115/10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-306 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
02 июня 2021