Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі бойынша ақпарат

2020 жылдың ағымды кезеңінде қаланың жергілікті атқарушы органдары 69235  Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде қағаз түрінде 5940  немесе 8,6%, электрондық түрде  63295  немесе 91,4%  қызмет көрсетілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәніне 12 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Анықтама: Білім, ТҮКШ, қаржы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария, сәулет және қала құрылысы , ауылшарашылық бөлімдері, ауылдық округтер, поселкелер және ауыл акімдерінің аппараттары (Ақкөл, Байет, Екібастұз, Шідерті және Солнечный)

Бақылау іс-шаралары барысында 43 бұзушылықтар ( оның ішінде 2020 жылы 1 мерзімін бұзушылығы қаржы бөлімінде ), 36 ұсыным әзірленді, олар бүгінгі күні орындалды, білім бөлімінің пандусын қайта құрудан басқасы.

Өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 14   тұлға тартылды, оның ішінде 13 білім бөлімінің қызметкерлері және 1 қаржы бөлімінің басшысы.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталын тарату  мақсатында жергілікті атқарушы органдар жүйелі негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 167 түсіндіру іс-шарасы өткізілді (сөз сөйлеу, консультациялар, әлеуметтік желіде WhatsApp мессенджері желілерінде жариялау).

«КEDERGISIZ QYZMET» жобасы шеңберінде қызмет көрсетушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тұрақты негізде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалану дағдыларына оқыту іс-шаралары жүргізіледі.

Анықтама: Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында, оның ішінде «ашық әкімдікте» келушілерді соттылығының жоқ/бар екендігі туралы, жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар, психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардан мұрағаттық анықтамалар, медициналық ұйымдарға бекіту, азаматтық хал актілерін тіркеу, кредиттік тарих саласындағы қызметтер, тұрғын үйге кезекке тұру, ЭЦҚ-ны қашықтан алу және оның мерзімін ұзарту және т. б. сияқты электрондық қызметтерді алуға оқыту жүргізілді.

Дата публикации
31 декабря 2020