Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есепке 2019 жылға талдаулық анықтама

2019 жылы қаланың жергілікті атқарушы органдарымен 86794 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз нысанында - 2265, қағаз нысанында бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер – 12152, қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілгендер –72377 қызмет.

Сондай-ақ, мемлекеттік корпорация арқылы – 16779 қызмет, «Электрондық  үкімет» порталы арқылы - 2900 қызмет көрсетілді (барлығы 106473).

Бекітілген жоспарға сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысында 9 бақылау іс-шарасы өткізілді. 

Бақылау іс-шарасы барысында 267 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

-бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен көзделмеген құжаттардың толық топтамасы болмай тұра мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері-11;

- ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды талап ету фактілері-25;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көрсетілмеген құжаттарды сұрату фактілері-67;

- мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін бұзу- фактілері – 135;

- өзге де талаптарды бұзу фактісі -29.

Дата публикации
31 декабря 2019