|
№ |
Өтініш берушінің аты-жөні |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Жауаптар |
|
1. |
Буламбаев Асхат Канатович |
Ак. Ә. Марғұлан атындағы саябақты абаттандыру бойынша
|
Саябақты абаттандыруға ЖСҚ бар. Саябақты абаттандыруға қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім жолданды.
|
|
2. |
Буламбаев Асхат Канатович |
Ак. Ә. Марғұлан атындағы ауылда шағын орталықтың жұмысы туралы (жұмыс істемейді) |
Ак. Ә. Марғұлан атындағы шағын орталық 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап жұмысын қайта бастайды.
|
|
3. |
Буламбаев Асхат Канатович |
Ак. Ә. Марғұлан атындағы ауылдың кіреберіс жолын орташа жөндеу туралы
|
Кірме жолды орташа жөндеуге ЖСҚ бар, ақшалай қаражат бөлу 2022-2023 жылдары қаралатын болады.
|
|
4. |
Ильин Захар Иванович |
Ак. Ә. Марғұлан атындағы ауылда ауыз судың төмен сапасы туралы
|
2021 жылы ауылда су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
|
|
5. |
Шайжанова Айгуль |
Қоянды а/о. Құрылысшы ауылында ескертусіз жарықты өшіру бойынша
|
Қоянды а/о. әкімінің аппаратымен «Богатырь Көмір» ЖШС-ге электр энергиясын өшіруді ескерту туралы хат жолданды. Алдағы уақытта құрылысшы ауылында электр энергиясын жоспарлы ажырату кезінде халыққа электр қуатын өшіруге бір күн қалғанда ескертілетін болады. |
|
6. |
Актанова Айжан Пшембаевна |
Қоянды а/о. Теміртас а. кірме жолын тегістеу бойынша
|
Теміртас ауылына кіреберіс ұзындығы 3,5 км жолды орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кейін «Сахлстрой» ЖШС-мен шарт жасасу жоспарлануда.
|
|
7. |
Шелудько Евгения Вячеславовна |
Қоянды с/о. Қоянды ауылына бұрылыста жарық шағылыстырғыш белгілерді орнату туралы
|
Қоянды а/о. әкімі «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-не Қоянды ауылына бұрылыста жарық шағылыстырғыш белгілерді орнатуға хат жолдады, өйткені бұрын ЖСҚ-да жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жарық шағылыстырғыш белгілерді орнату қарастырылмаған болатын. |
|
8. |
Мустафина Анара Сарсеновна |
Қоянды а/о. Қоянды а. кентішілік (Абай к.) жолдарындағы қарды тазалау бойынша
|
Қоянды ауылының ішкі жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Абай көшесі де бар.
|
|
9. |
Сагинбекова Бахыт |
Қоянды а/о. ұялы байланысты күшейту туралы |
«Кар-Тел» Билайн, теле2 ЖШС ұялы байланыс операторларымен жұмыс жүргізілуде. Бұдан кейін, ұялы байланыс діңгегін орнату үшін жер телімін бөлу мәселесі қаралады.
|
|
10. |
Беляев Али Аманжолович |
Қоянды а/о. Бесқауға ауылында Интернеттің төмен жылдамдығы туралы |
Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында 3G мобильді интернетіне шығу үшін Билайнның ұялы байланысы орнатылды.
|
|
11. |
Беляев Али Аманжолович |
Қоянды а/о. Бесқауға а. көше жарығын мезгілсіз өшіру және қосу туралы
|
Бесқауға ауылындағы көше жарығын қосып-өшіруге жауапты тұлға бекітілді.
|
|
12. |
Аужанов Ислям Каиркенович |
Төртқұдық а/о. Бозшакөл ауылының қалған аулаларының ауыз суын орталық су құбырына қосу туралы
|
Құрылыс бөлімімен «Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Бозшакөл ауылында су құбырының желілерін салу» жұмыс жобасы әзірленді. Ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыруға бюджеттік қаражат бөлу үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттік қаражат бөлінген кезінде жоба іске асырылатын болады. |
|
13. |
Кенжебаев Марат Муратович |
Төрт-Құдық а/о. Бозшакөл ауылында шағын футбол алаңының құрылысы туралы |
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (Бозшакөл Каз Минералз) бас директоры С.В. Леудің атына Бозшакөл ауылында шағын футбол алаңын салуға демеушілік көмек көрсету өтінішімен қайта хат жолданды.
|
|
14. |
Жосанбай Солтан |
Атығай ауылынан Екібастұз қаласына дейінгі жолды (12 км) жөндеу бойынша (12 км)
|
Бүгінгі күні Қала-Атығай кіреберіс автожолын орташа жөндеуге оң сараптама қорытындысымен жобалық-сметалық құжаттама бар. Жобаны іске асыру бюджет комиссиясының мақұлдауымен 2021 жылға жоспарланған. Жобаның сметалық құны-236,7 млн.теңге.
|
|
15. |
Көпежанов Сұңғат Ерғалиұлы |
Зеленая Роща ауылын «Жайылма» деп қайта атау туралы
|
Ауылдарды қайта атау «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің көрсетілген қаулысы 3-бөлімінің 8-тармағы негізінде ауыл әкімдігі жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізеді. Ауылдың атауын өзгертуге қатысты халықтың пікірін есепке алу ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелеріне қарай шешім қабылданады.
|
|
16. |
Мұсабеков Нартай Қайратұлы |
Ақкөл а/о. Зеленая Роща а. электрмен жабдықтаудың төмен кернеуі туралы
|
Зеленая роща ауылында «Горэлектросеть» ЖШС-ның 2021 жылға арналған жоспары бойынша электр берілісінің әуе желісіндегі ӘЖ-0,4 кВ тірегінде ағымдағы жылы III тоқсанда кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
17. |
Сырлыбаев Жанат Орумбаевич |
Екібастұз а/о. Мыңтомар ауылының жолдарында қарды тазалау бойынша
|
Мыңтомар ауылының жолдарындағы қар тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
|
|
18. |
Кицул Иван Алексеевич |
Екібастұз а/о. Ақши ауылында ШҚ ашу бойынша |
Шаруашылық ашу үшін жер телімін алу туралы өтініш жазу қажет. Содан кейін мәселе жер комиссиясының отырысында қаралады.
|
|
19. |
Бобровская Наталья Дмитриевна |
Шідерті кентінің Даңқ обелискін қайта жаңарту және саябағын абаттандыру туралы |
Жалпы сомасы 16 976,0 мың теңгеге ЖСҚ түзетілді. Бюджеттік өтінім берілді, алдағы бюджетті нақтылау кезінде қарау үшін тізілімге енгізілді.
|
|
20. |
Бобровская Наталья Дмитриевна |
Шідерті кентінің коммуналдық меншігіндегі пәтерлерді жөндеу бойынша |
Бюджетті нақтылау кезінде 14,8 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2021 жылдың 26 наурызында Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Өтінімдерді соңғы қабылдау ағымдағы жылдың 13 сәуірінде.
|