Екібастұз өңірінің ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің 2021 жылғы есептік кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

№

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Орындау мерзімі  орындауға жауапты

Орындау барысы

Ескертулер

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылауда, бақылаудан алынды)

1.      

Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылына кіреберіс жолды бейіндеу

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Хакимов

Қоянды ауылдық округінің әкімі

Теміртас ауылына кіреберіс ұзындығы 3,5 км. жолды орташа жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кейін «Сахлстрой» ЖШС-мен шарт жасасу жоспарлануда.

Бақылауда

2.      

Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылындағы көше жарығының шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру

 2021 жылғы маусым

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Е.Е.Касеналин

Теміржол ауылдық округінің әкімі

Екібастұз қаласының «Горэлектросеть» ЖШС-мен шарт жасалды, Теміржол ауылдық округінің Құдайкөл ауылында көше жарықтандыру шамдарын жарықдиодты шамдарға (16 дана) ауыстыру бойынша жұмыстар 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Бақылауда

3.      

Төртқұдық ауылдық округі Бозшакөл ауылының қазандықтарына түтін құбырын сатып алу

 

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Калиякбаров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а.

Ағымдағы жылы Бозшакөл ауылында қазандық үшін түтін құбырын сатып алып, оны орнатуға 1,3 млн.теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді.

2021 жылғы 11 ақпанда «Белялов М.Ж.» ЖК мердігерімен шарт жасалды. Бозшакөл ауылындағы қазандыққа арналған түтін құбырын орнату жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 18 наурызында қазандықты күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге, оның ішінде Бозшакөл ауылындағы 2 қазандық пен жылу құбырын ауыстыруға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 14 сәуірде аяқталады.

 Бақылауда

4.      

Сарықамыс ауылдық округінің Сарықамыс ауылында ұялы байланыс тірегін орнату

 

 

 2021 жылғы маусым

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

М.К.Сейсембаев

Сарықамыс ауылдық округінің әкімі

2020 жылдың шілде айында Сарықамыс ауылы әкімінің өкімімен «Кар-Тел» ЖШС Сарықамыс ауылында 25 км радиусты қамтитын ұялы байланыс діңгегін орнату үшін жер телімі бөлінді. Қуандық ауылы Сарықамыс ауылынан 5 км жерде орналасқан.

 Бақылауда

5.      

Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылына бұрылыста жарық шағылыстырғыш белгілер орнату

 

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Хакимов

Қоянды ауылдық округінің әкімі

Қоянды а.о. әкімі «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-ге Қоянды ауылына бұрылыста жарық шағылыстырғыш белгілер орнатуға хат жолдады, өйткені бұрын ЖСҚ-да жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жарық шағылыстырғыш белгілерді орнату қарастырылмаған болатын.

 Бақылауда

 

Дата публикации
01 апреля 2021