Екібастұз қаласы әкімінің 2021 жылғы есептік кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

№

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Орындау мерзімі  орындауға жауапты

Орындау барысы

Ескертулер

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылауда, бақылаудан алынды)

1.      

Бәйет ауылдық округінің Бәйет ауылына қосымша жарықтандыру орнату

 

 

2021 жылғы

мамыр         

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Д.Амантай

Байет ауылдық округінің әкімі

Бюджетті нақтылау кезінде көшені жарықтандыру үшін қосымша 17 шам орнатуға 1,182 млн. теңге бөлінді. Бір көзден алу тәсілімен «Акишев» ЖК-мен шарт жасасуға қатысты жұмыс жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

 Бақылауда

2.      

Шідерті кентіндегі (Қабанбай батыр, Исатай және Гаражная 10 көшелері) жылу желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама  әзірлеу

2021 жылдың

 4 - тоқсаны 

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Г.И.Оспанов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы

Қазіргі уақытта құрылыс бөлімімен «Шідерті кентінде (Қабанбай батыр көшесі, Естай, Гаражная көшесі 10) жылу желілерінің құрылысына» жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау ұйымы – «Innovation Center Project» ЖШС. Жобаны аяқтаудың жоспарланған мерзімі-2021 жылдың маусым айы. Жоба әзірленгеннен кейін, жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыруға бюджет қаражатын бөлу үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім жіберілетін болады.

 Бақылауда

3.      

Екібастұз ауылдық округінің Тай ауылында футбол алаңын салу

2021 жылдың

 3 - тоқсаны 

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Ж.К.Ибраев

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

11,095 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 10 сәуірге дейін мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы жарияланады.

Бақылауда

4.      

Шідерті кентінің Даңқ обелискін және саябағын абаттандыру

 

2021 жылғы

қараша

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

М.С.Какожанов

Шідерті кентінің әкімі

Жалпы сомасы 16 976,0 мың теңгеге ЖСҚ түзетілді. Бюджеттік өтінім берілді, бюджетті алдағы нақтылау кезінде қарау үшін тізілімге енгізілді.

Бақылауда

5.      

Армангуль Шериязданды Бәйет ауылдық округінің Бәйет ауылына жұмысқа орналастыру

 

2021 жылғы

сәуір                М.Д.Маликова

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Д.М.Баграмова

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

басшысы

Шерияздан Армангүл, 1989 жылы туған, Екібастұз қаласы, Байет ауылы, Естай көшесі, 5-1 мекенжайында тұрады, жұмыссыз.

Өтініш беруші 2021 жылдың 12 ақпанынан бастап «Екібастұз қаласы Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де маманның көмекшісі ретінде қоғамдық жұмысқа орналасты.

Бақылаудан алдынды

6.      

Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында интернет жылдамдығын күшейту

 

2021 жылғы

1-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Хакимов

Қоянды ауылдық округінің әкімі

Бүгінгі таңда Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында 3G мобильді интернетке шығатын Билайн ұялы байланысы орнатылды, Тапсырыс беруші - «Картель» ЖШС, мердігер - «7sk» ЖШС.

Бақылаудан алдынды

7.      

Шідерті кентінің коммуналдық меншіктегі пәтерлерін жөндеу

 

2021 жылғы

Қазан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Калиякбаров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а.

Бюджетті нақтылау кезінде 14,8 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 2021 жылдың 26 наурызында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 13 сәуірінде өтеді.

 Бақылауда

8.      

Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылы Естай көшесі 12 «Б» мекенжайындағы 2 пәтерлі жалға берілетін үйдің еден жабынын ауыстыру

 

2021 жылғы

3-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Ж.К.Ибраев

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

1,9 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 10 сәуірге дейін ақаулы актілерге сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыру жариялау жоспарда.

Бақылауда

9.      

Энергетиктер көшесі, 66, 68, 70-үй жертөлелерінің кәрізін қайта қосу

2021 жылғы

1-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

Г.И.Оспанов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы

 

А.Т.Маутанов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы

Энергетиктер көшесі 66, 68, 70 бойынша бес қабатты үш үйдің қолданыстағы желілерінен Қ. Сәтбаев көшесі бойынша магистральды кәріз коллекторына дейін кәріз құрылысын салу жұмыстары орындалды.

Ағымдағы күнге аталған үйлердің кәріз желілері магистральдық кәріз коллекторына қосылды.

Бақылаудан алынды

10.  

«Лесхоз» ауданында маршруттық автобусты іске қосу

2021 жылғы

4-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Калиякбаров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а.

ТҮКШ бөлімі Марғұлан көшесі арқылы Лесхоз кентіне кіруді ескере отырып, №3 маршрут қозғалыс сызбасы мен кестесін өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Маршрутты іске қосу ағымдағы жылдың 2-тоқсан басына жоспарланып отыр.

Бақылауда

11.  

Солнечный кентіндегі коммуналдық меншіктегі  бос пәтерлерді қалпына келтіру

2021 жылғы

4-тоқсан

Б.К.Ахметов

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары

 

А.С.Калиякбаров

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының м.а.

Бюджетті нақтылау кезінде 16,4 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 26 наурызында мемлекеттік сатып алулардың ашық конкурсы жарияланды. Өтінімдерді соңғы қабылдау ағымдағы жылдың 13 сәуірінде өтеді.

Бақылауда

12.  

Солнечный кентінде балалар ойын  алаңқайын орнату

2021 жылғы

Қыркүйек

М.Н. Шолақов

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы

 

Н.М.Сейлханов

Солнечный кентінің әкімі

Ағымдағы жылы балалар ойын кешендерін сатып алуға және орнатуға қаражат жоспарланған. Ойын кешендерінің түрлері мен құны қарастырылуда.

Бақылауда

 

Дата публикации
01 апреля 2021