Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 01.1.122.001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысы Джумашев С.Ж.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 56-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы, Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы «23» желтоқсандағы (VI шақырылған, кезекті LXIII сессия) “2021-2023 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы” №484/63 шешімі.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
Қала бюджетінің құрамында бекітілетін, қалалық
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай
Функцияларын, құзыретін жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметті көрсету мазмұнына қарай
Жеке
іске асыру түріне қарай
Ағымдағы
ағымдағы/даму
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Заңнамамен белгіленген қала әкімінің өкілеттігін іске асыру
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Қала әкімі аппараты қызметін сапалы, құқықтық қамтамасыз ету және құқықтық саяси деңгейін арттыру.Қала әкімінің аппаратында іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап ұсыну. Екібастұз қаласы әкімінің және әкімі аппаратының ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету. Өңірлік деңгейде мемлекеттік кадрлық саясатты қамтамасыз ету . Азаматтық хал актілерін тіркеу.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Қала әкімінің және қала әкімдігінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық - талдау, кадрлық, консультативтік, материалды-техникалық қамтамасыз ету.