Екібастұз ауылдық округі әкімінің «Карантинді тоқтату және Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылы «Ербол» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы» № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-04/168 ұсынысы негізінде әзірленді.

Осы шешімді қабылдау Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Мыңтомар ауылының «Ербол» шаруа қожалығының аумағында белгіленген карантинді алып тастау, ірі қара мал арасындағы қарасан ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты қажет.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.

Дата публикации
22 января 2021