Осы жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-04/168 ұсынысы негізінде әзірленді.
Осы шешімді Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылының «Ербол» шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында карасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты қабылдау қажет.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.