2021 - 2023 жылдарға арналған Екібастұз қаласының ауылдық округтерінің, ауылдарының және поселкелерінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған Солнечный поселкесінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 81 828 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 020 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 509 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімдері – 73 299 мың теңге;

2) шығындар – 81 828 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу – нөлге тең;

Дата публикации
14 января 2021