Екібастұз қалалық мәслихатының VII шақырылған депутаттарын кезекті сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.

Екібастұз қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 100750 азамат енгізілді, оның ішінде 72540 адам немесе 72 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 72540 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 247 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 512 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 59386 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,5 % ;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-8251 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 11,5% - ын құрайды;

«ADAL» саяси партиясы – 4622 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,4%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы-14 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-2 мандат.

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
12 января 2021