Шідерті поселкесінің әкімі М.С.Какожановтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша ТЕЗИСІ

Шідерті поселкесі аумағында 5 елді мекен орналасқан, онда 3369 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 1801 адам, 532 оқушы, 526  зейнеткерлер, 1ҰОС ардагері, 96 мүмкіндігі шектеулі адамдар  (1 топ - 15, 2 топ - 27, 3 топ - 38, мүмкіндігі шектеулі балалар - 14). Барлық мүмкіндігі шектеулі адамдарға  жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қызмет көрсетіледі. 19 жалғыз тұратын зейнеткерлер және 10 мүмкіндігі шектеулі балалар үйде қызмет көрсетумен қамтылған. Қызметтерді 4 әлеуметтік қызметкер көрсетеді.

Бюджет.

Шідерті поселкесінің 2020 жылға арналған бюджеті 241 633,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

Салықтық түсімдер 6 521,0 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер 84,0 мың теңге;

Нысаналы трансферттер 131 784,0 млн. теңге;

Субвенциялар 101 194,0 мыңтеңге;

Бюджет қаражатының бос қалдықтары 2 050,0 мыңтеңге.

Бөлінген қаражат келесі бағдарламаларға бағытталды:

001 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" 34 622,0 мың теңге;

005" Ауылдық жерлерде балаларды жақын маңдағы мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру " 1 984,0 мың теңге;

003 "Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету" 4 434,0 мың теңге;

013" Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету " 615,0 мың теңге;

006 "Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау" 15 866,0 мың теңге;

008 "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" 8 655,0 мың теңге, оның ішінде электр энергиясын тұтынуға 7 985,0 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға 670,0 мың теңге бағытталды;

004 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру" 55 531,0 мың теңге;

011" Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру " 642,0 мың теңге;

014 "Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру" 747,0 мың теңге;

Дата публикации
05 января 2021