Бәйет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері.

«Екібастұз қаласының Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1994 жылғы 14 сәуірдегі «Ауылдық округітерді құру туралы «Павлодар облысы әкімінің қаулысына сәйкес құрылды.

Мемлекеттік мекемеде штат бойынша 1 әкім, 3 – бас маман жұмыс істейді. Мамандар жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады. Белгіленген кестеге сәйкес 2019 жылы «Павлодар облыстық басқару академиясында» қайта даярлау біліктілігін арттыру бойынша 1 бас маман, 2020 жылы «мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында 2 бас маман онлайн оқытудан өтіп сертификат алды. Бәйет ауылдық округінің аумағы 160,92 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауылдық округ құрамына Атығай және Бәйет ауылдары кіреді. Халықтың жалпы саны 1291, отбасы саны 258-ді құрайды.

Ауылдық округ бойынша жұмысқа жарамды адам саны - 620 адам, зейнеткерлер саны -111, мектеп оқушылары 282, мүгедектер саны 32 адамды құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 отбасы бар. Ауылдық округ бойынша әлеуметтік салаларға қысқы көмір отыны 925 тонна, ауыл тұрғындарына 2700 тонна, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүгедектер, екіншідүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 55 отбасына 275 тонна қайырымдылық көмір отыны «Баһадүр-көмір» ЖШС-нен берілді.        

Дата публикации
05 января 2021