Әкімшілік – аумақтық бірлік: Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының Солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар.
Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат ауылдары кіреді. Аула саны - 208. Жалпы тұрғындар саны 1005, жұмысқа қабілетті адамдар - 562 зейнеткерлер 101, мүмкіншілігі шектелген жандар 20,
8 сәби дүниеге келсе, 3 адам қайтыс болды. Округ көлемінде 1 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Бюджет орындалуы:
2020 жылға бюджет қаражатынан бөлінген жалпы сомма 57 млн 808,0 теңге, оның ішінде субвенция 26 млн 640,0 теңге. ЖҚҚБ шотына түскен салық соммасы 1 млн 200 теңге.
001 – бағдарлама. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың,кент, ауыл, ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге қаралған 26 527,0 мың теңге игерілді.
003- бағдарлама. Мұқтаж адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметіне қаралған 677,0 мың теңге игерілді.
005-бағдарлама. Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып бару және кері алып келуді ұйымдастыруға бөлінген 1 355,0 мың теңге толық игерілді.
008-бағдарлама. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандаруға бөлінген 1 923,0 мың теңге игерілді.
013-бағдарлама. Аудандық маңызы бар қаладарда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген 777,0 мың теңге игерілді.