Әкімшілік-аумақтық бірлік-Төртқұдық ауылдық округінің аумағында 2 елді мекен орналасқан, онда 601 адам тұрады, Төртқұдық ауылында-291, Бозшакөл ауылында – 310; оның ішінде мүгедектер – 24 адам, еңбекке жарамды халық–335 адам, зейнеткерлер –89 адам.
Бюджет. 2020 жылға бөлінген қаражат – 100% игерілді.
2020 жылға арналған Төрт-Құдық ауылдық округінің бюджеті 30760 мың теңгені құрады.
Салықтық түсімдер-4975,0 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттер-5790,0 мың теңге.
Субвенциялар-19995,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат келесі бағдарламаларға бағытталды:
001 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" - 23887,0 мың теңге;
005" Ауылдық жерлерде балаларды жақын маңдағы мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру " - 1 772,0 мың теңге;
003 "Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету" - 230,0 мың теңге;
013 "Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" - кентішілік жолдарға қызмет көрсетуге 422,0 мың теңге;
008 "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" - 1530,0 мың теңге;
011 "Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру" - 591,0 мың теңге;
014 "Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру" - 2328,0 мың теңге.