Шиқылдақ ауылының әкімі Г. Т. Еңсебаеваның 2021 жылғы қаңтар айында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСЫ

Әкімшілік - аумақтық бірлік - Шиқылдақ ауылы Екібастұз қаласы ауылдық аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 203,02 гектарды құрайды. Ауылдық округ халқының саны 505 адам, соның ішінде экономикалық белсенді халық-290, зейнеткерлер-43, мектеп оқушылары-76, студенттер – 29, мектеп жасына дейінгі балалар - 65, мүгедектер-15.

Бюджет.

2020 жылғы "Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты" ММ бюджеті 32077,0 мың теңгені құрады.

123001000 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша шығындар 28992,0 мың теңге. 100%-ға орындалды.

2020 жылдың басында және соңындағы бекітілген штат кестесі бойынша,  мемлекеттік қызметшілердің саны 4 бірлік және штаттан тыс жұмыскерлер саны 12 бірлік.

123008015 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша, жоспардағы 1730,0 мың теңге, 100%-ға  орындалды.

123009015 "Елді мекендерді санитарлық жағдайын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша есепті кезеңге нақтыланған жоспар бойынша 555,0 мың теңге, 100 % - ға орындалды.

123013000 "Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы. Осы бағдарлама бойынша шығындар 800,0 мың теңгеге, 100%-ға  орындалды.

Есепті кезеңде Шиқылдақ ауылы бойынша салық жинаудан ақша қаражатының түсімі 618,1 мың теңгені құрады.

 Абаттандыру.

Ауылда көше жарығы қамтамасыз етілген. Жыл сайын энергия үнемдейтін шамдар орналатуда, қазіргі уақытқа  21 көше шамы ауыстырылды. Шиқылдақ ауылы бойынша 11 бейнекамера орнатылған.

Ауылға кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайында ұстау және көркейту мен жасылдандыру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде тұрады.

Ауылда  «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында тұрған орталық су құбыры жұмыс істейді. 5,1 км кіреберіс жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Дата публикации
05 января 2021