Қоянды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы атқарған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының ТЕЗИСІ

Жыл басында барлық деңгейдегі әкімдер өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығару, сондай-ақ жақын болашаққа міндеттерді анықтау мақсатында халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді.

Мемлекеттік мекемеде штат бойынша 1 әкім, 4 – бас маман жұмыс істейді. Белгіленген кестеге сәйкес 2019 жылы біліктілігін арттыру курстарын 2 бас маман, ағымдағы жылы  2 бас маман онлайн оқытудан өтіп сертификат алды.

Қоянды ауылдық округінің  құрамына Бесқауға, Қоянды, Құрылысшы, Теміртас ауылдары кіреді. Ауылдық округтің барлық  аумағы 237,84 шаршы шақырымды құрайды. Халықтың жалпы саны -  1253 , аула саны – 260, зейнеткерлер саны – 102, мүгедектер саны – 28, жұмысқа қабілетті – 683 адам.

Қоянды ауылдық  округ әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік ғимаратта мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы ақпарат тақтайшасы әкімшілік ғимараттың қоғамдық орнында орналасқан. Түсініктемелер, хаттар, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен жауаптары тұратын шағымдар мен ұсыныстар жәшігі көрнекті жерде орналастырылған.

Әкім аппаратының ең негізгі жұмыстарын бірі -  жеке және заңды тұлғалардан түсетін азаматтардың өтініштері. Ағымдағы жылы 11 айда 5 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 5, заңды тұлғалардан келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер. Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік регламентке сәйкес 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді , ағымдағы жылғы 11 айда 2 түрі бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін тіркеу – 4;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 1.

Ауылдық округ бойынша 4  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. 2020 жылдың 11 айында «электрондық үкіметтің» және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның веб-порталы арқылы – 320 қызмет қөрсетілді.        

Дата публикации
05 января 2021