Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес және Екібастұз қаласы әкімдігінің №526, №527 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар саны туралы мәліметтерінің негізінде Павлодар облысы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №11 қаулысына өзгерістер енгізілсін.

2. Екібастұз қаласының №526, №527 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес №526, №527 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы мәліметтер Екібастұз қаласының мәслихатына жіберілсін.

4. Осы қаулы Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
15 декабря 2020