2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Екібастұз қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар қалалық округтік және учаскелік сайлау
комиссияларына қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлауын өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Осы қаулы Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Екібастұз қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
14 октября 2026