Публичное обсуждение отчета о деятельности за 12 месяцев 2025 года в сфере оказания государственных услуг государственного учреждения "Аппарат акима города Экибастуза Павлодарской области"

Күн тәртібі

  1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2025 жылғы
    12 айдағы қызметі туралы есебін жария талқылау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Ж. Рахимбеков сөз сөйлеп, қатысушыларды 2025 жылдың
12 айы ішінде «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырды.

Жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтердің қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы
№ 605 бұйрығымен бекітілген «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілетіні атап өтілді.

2025 жылғы 3 наурыз бен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта келіп түскен
366 мемлекеттік қызмет көрсетті. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша 30 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

Публичное обсуждение отчета о деятельности за 12 месяцев 2025 года в сфере оказания государственных услуг государственного учреждения "Аппарат акима города Экибастуза Павлодарской области"
Дата публикации
16 сентября 2026