Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараның аяқталу нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

 

 

 

 

 

 

1.      

Әлеуетті бақылау субъектілеріне бару және олардан мемлекеттік бақылаудың бекітілген тексеру парақтарындағы мәселелерді қозғамайтын қажетті ақпаратты сұрату құқығына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 5-тармағына толықтыру енгізу.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

2026 жылғы 30 қазан

2.      

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген («Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары») «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды сәйкестікке келтіру.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ

 

мемлекеттік-құқық бөлімі

2026 жылғы 30 қазан

3.      

Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалдауға) беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актіні енгізу

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ

 

мемлекеттік-құқық бөлімі

2026 жылғы 30 қазан

4.      

Бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама жобасын дайындау кезінде техникалық ерекшеліктерді, біліктілік талаптарын және шарт жобасын белгілі бір өнім берушілерге бейімделген негізсіз жоғары (нақты өнім берушілерге артықшылық беретін) талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген, әкімшілендірілмейтін талаптардың болуына тұрақты түрде тексеру жүргізу жөніндегі міндетті талаптарды заңнамалық деңгейде бекіту.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ

2026 жылғы 30 қазан

5.      

2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрықпен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына куәлік иесіне оның жоғалу жағдайларын қоспағанда (бүлінуі, табиғи тозуы, оқылмауы және т.б.) куәліктің телнұсқасын беру бөлігінде толықтыру енгізу.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2026 жылғы 30 қазан

6.      

Қызмет алушы мен лауазымды тұлға арасындағы тікелей байланысты болдырмау мақсатында «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру жолымен электрондық форматқа көшіру.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

 

2026 жылғы 30 қазан

7.      

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіндегі электрондық үлгілерді нормативтік құқықтық актілерде бекітілген талаптарға сәйкестендіру; жүктелетін файлдарда ЭЦҚ мөртаңбаларының көрсетілуіндегі техникалық ақауды жою және медициналық мәліметтердің толық көлемде дұрыс берілуін қамтамасыз ету мақсатында интеграциялық шлюздерге тексеру жүргізу.

Ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

2026 жылғы 30 қазан

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
16 сентября 2026