Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 47-бабына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 87/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6250 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Екібастұз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
23 июля 2026