Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес және Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №514, №528, №562, №576 сайлау учаскелерінде «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» №10 қаулысының негізінде, Павлодар облысы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Гульнар Тыныбековна Дюсембаева, Светлана Александровна Зиновьева №576 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылсын.
2. 1989 жылғы 06.01. туған, орыс, білімі-орта Төрт-Құдық ауылында тұратын «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС жұмысшысы Владислав Иванович Андроник, сондай-ақ 1980 жылғы 11.02. туған, қазақ, білімі- орта, Төрт-Құдық ауылында тұратын, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС жұмысшысы Дамир Абсалямович Омурзаков №562 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамына енгізілсін.
3. №514 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Лаззат Жамбуловну Ажикеева, Асем Шаймуратовна Сакенова №528 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ауыстырылсын.
4. Осы қаулы Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.