Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 17- бабының 1-тармағына сәйкес және Екібастұз қаласы әкімдігінің №536, №543, №573 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың саны туралы мәліметтері негізінде Павлодар облысы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» №11 қаулысына өзгерістер енгізілсін.

2. Екібастұз қаласының №536, №543, №573 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес №536, №543, №573 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы мәліметтер Екібастұз қаласының мәслихатына жіберілсін.

4. Осы қаулы Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Екібастұз қалалық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы С. Тулеубаев

Екібастұз қалалық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы А. Рахимжанова

Дата публикации
15 декабря 2020